1. Эргономика ұғымы

Эргономика

  Эргономика – адам ағзасының физикалық және психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, еңбекке қолайлы жағдай жасау мақсатымен жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру туралы ғылым.   Заманауи эргономика жұмыс кезіндегі адамның іс-әрекетін, жаңа техниканы меңгеру жылдамдығын зерттейді.

  Жұмыс орнын ұйымдастыру барысында заттардың орналасу орны, олардың өлшемі мен пайдаланушының физиологиялық ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Демек, компьютермен жұмыс істеуге арналған орын еркін отырып жұмыс жасауға ыңғайлы болуы тиіс.
 1-сурет. Компьютер алдында дұрыс отыру
  • Эргономика грек тілінен аударғанда érgon – жұмыс және nómos – заң деген мағынаны білдіреді.
  • Эргономика 1920 жылы адамның іс-әрекетімен басқаруы керек күрделі техниканың дамуына байланысты пайда болған.
  • «Эргономика» термині 1949 жылы Ұлыбританияда қабылданған.

Компьютермен жұмыс істеу кезінде орындауға міндетті әрекеттерге:

  • компьютермен жұмыс істеу аймағын таза ұстау;
  • компьютерді қолдану кезінде ыңғайлы отыру;
  • отыратын орындықты өз бойыңа ыңғайлап алу;
  • мониторға дейінгі арақашықтықты сақтау;
  • компьютерді қолдану кезінде жиі демалып, тиісті жаттығуларды жасау жатады.

Компьютермен жұмыс істеу кезінде тыйым салынған әрекеттерге:

  • компьютермен жұмыс жасау кезінде тамақтану немесе сусын ішу;
  • қатты дыбыстағы әуен тыңдау немесе ойын ойнау арқылы сыныптастарыңның, жандарыңда отыратын достарыңның жұмыс істеуіне кедергі келтіру;
  • компьютерді белгіленген уақыттан артық мөлшерде қолдану жатады.

Өз біліміңді тексеру үшін дәптеріңе жазбаша жауап бер!

1. Эргономика ғылымы нені зерттейді?
2. Грек тілінен аударғанда жұмыс және заң деген мағынаны беретін қандай сөз?
3. Компьютермен жұмыс жасап жатқанда орындайтын әрекеттер?
4. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерде өздігінен жұмыс істеуге болады ма? Не себепті?


Комментариев нет:

Отправить комментарий