21. Ойынға арналған құжатты дайындау.

Компьютерлік ойынның құжаттамасы – осы программалық қамтамамен бір ге жүретін және оның қалай және қайда қолданылатынын сипаттайтын құжаттар.

Құжаттама кез келген компьютерлік ойынның негізі болып табылады. Құжаттаманы құру үшін қандай да бір мәтіндік редактор қолданылады.

Автор өз құқығын жариялай отырып, программалық өнімді бірінші рет жарыққа шығару кезінде авторлық құқықты қорғау белгішесін қолдана алады. Осылайша белгішемен өз құқықтарыңды жарияланған мезеттен бастап, туындыларың ҚР-ның қолданыстағы заңнамасының қорғауында болады.

Scratch программалау ойын ортасында жоба жариялауды қарастырайық. 
Поделиться батырмасын басқаннан кейін бірнеше бөлімнен тұратын терезе ашылады.

Scratch-та жоба жариялау терезесінің бөлімдері

Нұсқаулықтар (Инструкции) бөлімінде өздерің құрған ойынның ережелерін сипаттай аласыңдар.
Мысалы, ойында жеңіп шығу үшін қан дай әрекеттер орындау керек екенін ұсынсаңдар болады. 

Жобаның тегтерін қосу (Add project tags) бөлімінде жобаны саралауға болатын кілттік сөздерді таңдай аласыңдар.


Ескертулер мен ризашылық білдіру (Примечания и благодарности) бөлімінде автор ретінде жобаның қалай құрылғандығын сипаттап берулеріңе болады. Сонымен қатар плагиаттыққа жол бермес үшін жобаны құру барысында қолданған басқа адамдардың еңбектеріне (идея, суреттер, скриптілер) сілтеме беріп, ризашылық танытқан абзал.

Комментариев нет:

Отправить комментарий