7. Ақпаратты шифрлау

Мәтіндік ақпарат табиғи және формальды тілдер көмегімен жазбаша түрде ұсынылатын ақпарат. 
Шифрлау- түрлендіру процесі: бастапқы мәтін шифрланған мәтінмен ауыстырылады. 
Қайта шифрлау- шифрлауға кері процесс. Кілт арқылы шифрланған мәтін бастапқы мәтінге өзгертіледі.

Хабарламаны жасырудың көп-теген тәсілдері бар. Мысалы: алмастыру, Морзе коды, Цезарь шифры. Енді осылардың әрқайсы-сына жеке-жеке тоқталып өтейік.

Алмастыру. Алмастыру шиф-рында алдын ала белгілі ережелер мен кілттерді пайдалана отырып, әріптер бір-бірімен алмастырылады. Мысалы, сөздер кері бағытта жазылуы мүмкін, яғни, «мен Отанымды сүйемін» сөйлемі «німейүс ыдмынато нем» деп жазылады.



Морзе коды (Морзе әліппесі). Морзе коды негізінде код емес, шифр болып табылады. Әліппенің әрбір әрпі, 0-ден 9 ға дейін гі сандар, сонымен қатар тыныс белгілері қысқа және ұзын дыбыстық сигналдармен алмастырылады. Бұл сигналдарды әдетте «нүкте және сызықша» деп атайды. А әрпі «•–» белгісімен, Б әрпі «–•••» белгісімен және тағы сол сияқты белгіленеді.



Цезарь шифрын алғаш Юлий Цезарь қолданған, сондықтан бұл шифр Цезарь атымен белгілі. Цезарь шифры әртүрлі шифрлардан тұрады. Шифрлар саны қолданылатын әліпбидің құрамына кіретін әріптер санымен сәйкес келеді. Мысалы, қазақ әліпбиінде 42 әріп бар, демек, шифрлар саны да 42 болады. Хабарламаны шифрдан шығару үшін біз алдымен қандай шифр қолданылғанын білуіміз керек.


Криптог­­ра­фия­–­ арнайы­­ кілттер­­дің­ көме­­гі­мен­ шифрлан­­ған­ ақпа­­рат­ты­ жеткі­­зу­және ­­қабыл­­дау ­әдісте­­рі­ мен ­қағи­­да­ла­ры ­туралы­ ­ғылым­.

Кілт­ –­ хабар­­ла­ма­лар­ды­ шифрлау­,­ шифрдан­­ шыға­­ру­ кезін­­де­ криптог­­ра­фия­лық­ алгоритм­де ­қолда­­ны­ла­тын ­құ­пия ­ақпа­­рат.



Криптографияда екі кілт қолданылады: ашық және жабық кілт. Ашық кілт хабарламаны шифрлау үшін қолданылса, шифрланған мәтінді шифрдан шығару үшін жабық кілт пайдаланылады.


Электронды қолтаңба электрондық сандық қолтаңба құралдарымен жасалған және электронды құжаттың дұрыстығын әрі мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электронды сандық нышандар терімі.


Құжатты шифрлау шифрлаудың арнайы кілттерін қолдану арқылы құжат мәтінін өзгерту.




Комментариев нет:

Отправить комментарий