10. Растрлық және векторлық кескіндерді салыстыру


Растрлық кескіндер дәл мозаика сияқты. Тек шыны немесе пластмасса тастарының орнына пиксель алынады.

Пиксель – монитор экранындағы кескіннің минимал элементі, әлбетте ол квадрат пішінді. Растрлық кескіннің сапасы кескіннің өлшеміне горизонталь және вертикаль бойынша пиксель саны және әрбір пиксель үшін беруге болатын түстер 16,256 және одан да көп түстер санына тәуелді.

Растрлық графиканың артықшылықтары:
  • Сурет салу қарапайымдылығы және айқындылығы.
  • Масштабтау қажет болмаған жағдайда күрделі бейнені жылдам өңдеу мүмкіндігі.
  • Бейнені құру қарапайымдылығы – кез келген ұнаған бейнені сканерден өткізсе болғаны.
  • Бейнені оңай баспадан шығаруға болады.

Растрлық графиканың кемшіліктері:
  • Бейнені айналдырудағы және басқа да түрлендірудегі қиындықтар, себебі растрлық бейне бір тұтас объект түрінде беріледі.
  • Масштабтаудағы, яғни пикселдеудегі қиындықтар, яғни бейнені үлкейткенде бейненің бұзылуы.
  • Растрлық бейне сақталған файлдың көлемінің үлкен болуы.


Векторлық графика. Векторлық графикалық кескіндер айқын және анық контурларды сақтауды қажет ететін маңызды графикалық обьектілерді (сызбалар, сұлбалар және т.с.с) сақтаудың тиімді құралы болып табылады.
Векторлық кескін – бұл нүктелер, сызықтар, шеңберлер, төртбұрыштар және басқа геометриялық примитивтерді пайдаланып, компьютерлік графикаға кескінді өрнектеу.

Сапаны жоғалтпай шексіз үлкейтуге болатыны векторлоық кескіндеудің негізгі құндылығы.

Кескіндердің векторлық өрнеткелуі растьырлықтан қатты ерекшеленеді. Егер растрлық графикада кескіндердің базалық элементі нүкте болса, ал векторлық графикада – сызық болып табылады. Сызық математикада тұтас обьект болып сипатталады, сондықтан растрлық графикаға қарағанда векторлық графиканың құралдарымен обьектіні өрнектеуге қолданылатын дерек көлемі әлдеқайда аз.

Векторлық графиканың артықшылығы:
  • Көлемінің шағын болуы;
  • Оңай масштабтауға болады;
  • Оңай түзетуге болады.

Векторлық графиканың кемшіліктері:
  • Шынайы бейнелерді құрудағы қиындықтар;
  • Тұтас аймақты бейнелеу мүмкіндігінің болмауы, себебі объектілер «сым» қаңқа түрінде ұсынылады;
  • Суреттеу алдында алдын ала өңдеуді қажет етеді;



Комментариев нет:

Отправить комментарий