Сілтеме тек мәтіннен мәтінге ғана емес, нысаннан мәтінге, мәтіннен нысанға және нысаннан нысанға да қойылады. Ол үшін Сілтемелер бөлімін қарастырамыз, онда сілтеменің әртүрімен жұмыс істеу элементтері ұсынылған.
Басқару элементтері тобында орналасқан бірінші топ Мазмұн деп аталады. Бұл элементтер құжатқа мазмұн қосуға мүмкіндік береді. Ол құжаттағы барлық тақырыптарға қойылған сілтемелерді бір кестеге жинайды.
Басқару элементтерінің екінші тобы Түсіндірмелер деп аталады. Мұнда қарапайым және шеткі түсіндірмелерді қойып, баптауға болады.
Басқару элементтерінің келесі тобы Сілтемелер және әдебиеттер тізімі деп аталады. Бұл құралдар тобы ғылыми еңбектер негізделетін әдебиеттер тізімін басқаруға, тінтуірдің көмегімен қандай да бір ақпарат көзіне сілтеме қоюға мүмкіндік береді.
Атаулар – мәтінде сурет немесе кесте атауларына сілте-ме жасайтын басқару элементтерінің тобы. Бұдан басқа, бірінші суретке сілтеме қойылғаннан кейін, мәтіндік редактор келесі суреттің реттік нөмірін автоматты түрде өз-гертіп отырады.
Нысандық көрсеткіш деп аталатын құралдар тобы нысандық көрсеткіштер құрып, оларды баптауға мүмкіндік береді. Олар әдетте құжаттың оңында орналасады.
Басқару элементтерінің соңғы тобы Сілтемелер кестесі деп аталады. Мұндағы элементтер атауы жағынан әдебиеттер тізіміне ұқсас болғанымен, Нысандық көрсеткіштер элементтер тобына қатты ұқсайды. Сілтемелер кестесінің айырмашылығы – мәтіндік құжатта заңдарға, үлгілі істерге және басқа да заңды құжаттарға қойылатын сілтемелер тізімін құру керек болған жағдайда қолданылатындығында.
Комментариев нет:
Отправить комментарий