Графиктік кескіндердің екі түрі бар: растрлық және векторлық.
Бірінші жағдайда кескін әрқайсысының өз түсі бар жекелеген пиксельдердің жолдары мен бағандары түрінде анықталады.
Екінші жағдайда кескіндер түзу сызықтар, доғалар, шеңбер, эллипс, тіктөртбұрыш сияқты қарапайым элементтерден тұрады. Бұл элементтер графикалық примитивтер деп аталады.
Векторлық графиканы құруға мүмкіндік беретін программалардың бірі Inkscape программасы.
Inkscape – көп қызметті, еркін және ашық графикалық редактор.
Программада маңызды қызметтерді Құрал-саймандар тақтасы, Басқару құрал-саймандар тақтасы және Түстер палитрасы атқарады.
Редактор терезесі 9 элементтен тұрады (44 сурет). Интерфейстің параметрлері – тіл, құралдарбатырмаларының өлшемдерін және т.б. баптау Файл ≡> Inkscape баптау ≡> Интерфейс бұйрығымен орындалады. Өзгертулерді көру үшін редакторды қайта жүктеу керек.
Элементтердің көрінуі Түр (көрсету және жасыру) мәзірін баптау арқылы іске асырылады.
1. Бас мәзір;
2. Құралдар параметрлері;
3. Құралдар панелі;
4. Таңбалау элементтері:сызғыш, тор, бағыттауыштар;
5. Жұмыс аймағы – кенеп (холст);
6. Бұйрықтар панелі;
7. Жабысу параметрлерінің панелі;
8. Түстер үлгілері – бояу палитрасы;
9. Қалып – күй жолы (Строка состояния).
4. Таңбалау элементтері:сызғыш, тор, бағыттауыштар;
5. Жұмыс аймағы – кенеп (холст);
6. Бұйрықтар панелі;
7. Жабысу параметрлерінің панелі;
8. Түстер үлгілері – бояу палитрасы;
9. Қалып – күй жолы (Строка состояния).
Құралдар панелінің қандай құрал таңдағандарыңа байланысты, контекстік Құралдар параметрлері панелінің батырммалары да өзгереді. Құралдың қызметін оған тінтуірдің меңзерін апару арқылы білуге болады. Перне қызметі құрал атауының жанында бейнеленеді (мысалы, шеңбер сызу үшін Ғ5 пернесін басу керек).
Тор мен бағыттауыштар дәл жайғастыруды орындауға арналған.
Бағыттаушты жасау үшін
(F1) ерекшелеу құралын таңдап және тінтуірдің сол батырмасые басып тұрып, көлденең және тік сызғышты апару керек. Осы кезде қалып – күй жолағындағы координаттарды бақылаңдар. Бағыттауышты жою үшін оны қайтадан сызғышқа апару керек.
Жұмысты бастамас бұрын құжаттың қасиеттерін анықтау керек: өлшем, фон, бағыттауыштардың параметрлері, торлар және т.б. Осы сұхбатта өлшем бірліктерін таңдауға болады: Файл ≡>Құжаттың қасиеттері.
Жаңа тікбұрышты тор жасаңдар:
1. Файл ≡>Құжаттың қасиеттері бұйрығын орындаңдар;
2. Тор қосымшасына өтіңдер;
3. Құру батырмасын шертіңдер;
4. Мына параметрлерді орнатыңдар: тордың негізгі сызығын әрбір 20 етіп, негізгі сызықтың түсі – жасыл, сызықтардың орнына нүктелерді көрсету;
5. Жою батырмасын шерту арқылы торды жойыңдар;
2. Тор қосымшасына өтіңдер;
3. Құру батырмасын шертіңдер;
4. Мына параметрлерді орнатыңдар: тордың негізгі сызығын әрбір 20 етіп, негізгі сызықтың түсі – жасыл, сызықтардың орнына нүктелерді көрсету;
5. Жою батырмасын шерту арқылы торды жойыңдар;
Құжаттарды жасау мен сақтау
Құжатты Файл ≡>Құру бұйрығы арқылы орындауға болады.
Құжатты жасаудың тағы қандай амалдарын білесіңдер?
Одан басқа файлдағы Inkscape ашық құжатына импорттауға болады. Inkscape әр құжатқа жеке терезе ашады.
Егер сендер редакциялауды кейінірек жалғастыратын болсаңдар, онда оны сақтау жеткілікті: Файл ≡>Сақтау. Үнсіз келісім бойынша құжат Inkscape SVG пішіміне сақталады. Басқа көптеген графикалық редакторлар бұл пішімді дұрыс өңдемеуі мүмкін, сондықтан да кескінді сәйкестендіру үшін оны Қарапайым SVG, PNG, EPS және т.б. пішімдерінде сақтау керек. Одан басқа, Inkscape – те дайындалған суретті растрлық пішімге түрлендіруге мүмкіндік бар: Файл ≡>Растрлық экспорттау.
Түсті таңдау
Кескіннің бояу палитрасы мен оның баптауын өзгертуді батырмасын шерту арқылы орындауға болады. Үнсіз келісім бойынша Inkscape default баяу палитрасы таңдалған, бір жолаққа сыймайтын барлық түстерді бояу палитрасының төменгі жағында орналасқан айналдыру жолағын қолдану арқылы қарап шығуға болады.
1. Тікбұрыштар мен шаршыларды салу үшін
құралын таңдаңдар. (F4), кез келген тікбұрышты салыңдар. Құйма бояудың түсін бояу палитрасындағы жасыл түсті шерту арқылы өзгертіңдер.
2. Shift пернесін басып тұрып, қызыл түсті шерту арқылы жиектеудің түсін өзгертіңдер.
3. Құйма бояуды
батырмасын шерту арқылы өшіріңдер.
2. Shift пернесін басып тұрып, қызыл түсті шерту арқылы жиектеудің түсін өзгертіңдер.
3. Құйма бояуды
Түсті баптау үшін Құйма бояу мен жиектеу сұхбаты да колданылады. Ол Нысан ≡> Құйма бояу мен жиектеу (45 - сурет) бұйрығымен ашылады.
Жиі қолданылатын сұхбаттарды ашып және жиырып қойса, онда олар кез келген уақытта қол астында болады әрі програманның терезесінде орын алмайды. (46-сурет)
Түзету ≡>Болдырмау бұйрығымен немесе Басқару панеліндегі сәйкес батырманы
басу арқылы әрекетті болдырмауға болады. Барлық іс- әрекеттер тізімі Іс- әрекеттер тарихы (Түзету ≡>Іс- әрекеттер тарихы және Shift + Ctrl + H) сұхбаттында көрсетіледі.
Комментариев нет:
Отправить комментарий