3. Компьютердің қызметі

Компьютердің негізгі құрылғысы – жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына кіретіндер:
  • процессор;
  • жедел жады (RAM);
  • тұрақты есте сақтау жадысы (ROM);
  • қоректендіру блогы;
  • енгізу-шығару порттары;
  • ақпарат тасушылар.
Бұлар жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар болғандықтан ішкі құрылғылар деп аталады. Ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.

Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары

Аналық тақша
Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді. Аналық тақша - жүйенің ядросы. Бұл шынында да ДК-дің басты бөлшегі, қалғандарының барлығы онымен жалғастырылған және жүйедегі құрылғылардың бәрін нақты сол басқарады.

Микропроцессор
Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтерді өңдеу құрылғысы болып табылады. Ол компьютерді басқарады және программадағы командаларды орындайды.
Процессор микросхема ретінде ұсынылған және аналық тақшада орналасады. Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) өлшенетін оның тактілік жиілігімен анықталады.



Жедел жады
Компьютердің жедел есте сақтау құрылғысы оперативті жадысы (ОЗУ), немесе RAM – мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді. Жедел жадының негізгі мінездемесі оның сыйымдылығы және жылдамдығы.

Тұрақты есте сақтау құрылғысы
(тұрғылықты диск жетегі) немесе Hard disk Drive (HDD) - бұл компьютердің негізгі мәліметтер қоймасы. Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде алуан түрлі болады да, мегабайтпен және гигабайтпен өлшенеді. Қазіргі заманғы тұрғылықты дисктердің сыйымдылығы 80-500 Гбайт және одан үлкен болады.



Порттар
Порттар – жүйелік қораптың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады. Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен типі компьютер порттарының саны мен типіне тәуелді болады.


Комментариев нет:

Отправить комментарий