15. Ойынды дыбыспен сүйемелдеу

Ойынның маңызды құрамдас өлік-терінің бірі – дыбыспен сүйемелдеу.
Ойында дыбыстық әсерлердің, музыканың және толыққанды дыбыстаудың болуы ойнаушының сюжетке және сценарийге енуіне жағдай жасайды. Өйткені көптеген ойын ойнаушылар дыбысталмаған мәтіндерге көңіл аудармай, оқымауы мүмкін.

Дыбыстық әсер. Әдетте дыбыстық әсерлер деп, қысқа дыбыстық сигналдарды айтады. Мысалы, шерту, шапалақ ұру, соққы, жарылу және т.б. дыбыстар. Мұндай дыбыстарды дыбыстар кітапханасынан табуға болады немесе өзіміз программалай аламыз.

Музыка. Толыққанды ойын үшін дыбыстық әсермен қатар музыка да қажет. Музыка сахналық дыбыс болып табылады және ойын ойнаушының көңіл күйіне барынша әсер етіп, ойынды эмоционалды түрде сезінуіне жағдай жасайды. Музыка әдетте сахнаға немесе спрайттарға бекітіледі.

Дыбыстау. Ойын сұхбаттары мен монологтерін дыбыстау – ойынның дыбыстық сүйемелдеу құрамдас бөліктерінің үшінші құрамдас бөлігі. Дыбысталған сөз әдетте спрайттарға бекітіледі. Дыбыстауды жүзеге асыру үшін микросахна қолданылады немесе алдын ала жазылған дыбыс файлдан жүктеледі. 

Қолданылатын дыбыстық әсерлер:

• ұту дыбысы;
• жеңілу дыбысы.




Комментариев нет:

Отправить комментарий