11. Ойынның идеясы анықтау

Скретч-анимацияланған ертегілер, мультфильмдер, ойындар мен модельдерді құрастыруға арналған жаңа программалау ортасы. Программада объектілермен бірнеше әрекеттер жасауға болады: жылжыту, түрін өзгерту, басқа объектілермен байланыстыру және т.б. Объектілі- бағдарлы программалау ортасына негізделген сценарий түрлі-түсті және әртүрлі пішіндегі блоктардан құралған командалардан құрастырылады.
Scratch бағдарламалау ортасының атауы ерекше, осы бағдарламаның эмблемасы  кішкентай Scratch (орысша-царапка, қазақша- тырнауыш) деп аталатын мысықтың баласы.
Scratch -мультимедиалық жүйе. Тілдің операторларының көп бөлігі анимациялық және бейне эффектілер құруға, дыбыс пен графикамен жұмыс жасауға бағытталған. Ол бас кезінде 8-16 жас аралығындағы оқушылар үшін ойластырылған болатын, бірақ қазіргі таңда программалау ортасы әртүрлі жас аралығындағы пайдаланушылар үшін қолжетімді әрі қызықты.

Scratch терезесін  визуальды түрде  үш бөлікке бөлуге  болады:
  1. - бөлік: Скриптілерді таңдау бөлігі,
  2. - бөлік: Скриптілер облысы,
  3. - бөлік: Негізгі жұмыс алаңы

Әр бөлік екі ұяшықтан : жоғарғы және төменгі бөлімдерден тұрады. Бірінші бағанның жоғарғы ұяшығы түрлі-түсті 8 скрипт таңдау батырмаларынан тұрады: движение, контроль,внешность, сенсоры, звук, операторы, переменные.
Бір батырманы белсенді еткенде, қалған батырмалары өшіріледі. Қосулы батырма сәйкес түске боялады. Осы кезде бағанның төменгі ұяшығында батырмаға байланысты командалар көрінеді.






Комментариев нет:

Отправить комментарий