20. Мазмұны

Мазмұн – құжаттағы тақырыптар тізімі.

Ол құжатта қарастырылатын тақырыптардың атауын, қай бетте орналасқанын білу үшін қолданылады.
Мазмұнға қосылатын тақырыптар көрсетілгеннен кейін мазмұн түрін таңдап, оны жинақтауға болады. Мәтіндік редактор қажетті барлық тақырыптарды тауып, оларды деңгейлері бойынша сұрыптайды, сәйкес бет нөмірлерін қойып, мазмұнды құжатта көрсетеді.


Егер құрылым деңгейлері мен тақырыптар стилінің кірістірілген пішімдері қолданылса, онда мына әрекеттерді орындауға болады:
  • Тақырыптың қандай да бір стилін қолданатын тақырыпты белгілеу.
  • Басты бөліміндегі Стильдер тобынан қажетті стильді таңдау.

Егер мазмұн элементтері тақырып стилі қолданылмаған мәтін бөліктері болса, онда мына әрекеттер арқылы ондай бөліктерді тақырып элементтері ете аламыз:
  • Мазмұнға қосылатын мәтінді белгілеу.
  • Сілтемелер бөлімінен Мазмұн тобындағы Мәтін қосу командасын орындау.
  • Белгіленген мәтін қо сылатын деңгейді таңдау, мысалы, мазмұнның басты деңгейі үшін – Деңгей 1.
  • 1–3-қадамдарын мазмұнға қосылатын барлық мәтін белгіленгенше қайталау.
Мазмұнға қосылатын барлық элементтер белгіленгеннен кейін мазмұнды жинақтауға кірісуге болады.

Мазмұн­­ды­ жаңа­­лау

Егер мазмұн тақырыптары мен басқа да элементтері құжатқа қосылып немесе одан өшірілген болса, құрылған мазмұнды қарапайым жолмен жаңартуға болады. 
  • Сілтемелер бөлімінің Мазмұн тобынан Кестені жаңалау командасын орындау керек. 
  • Ауыстырып-қосқышты тек  командасы қана бет нөмірлерін жаңалау немесе толық жаңалау күйіне орнатып қоюға болады.
 Мазмұн­ды­­ жою
  • Сілтемелер бөлімінде Мазмұн тобындағы Мазмұн батырмасына басу қажет.
  • Мазмұнды жою командасын орындау қажет.

Комментариев нет:

Отправить комментарий