Бастапқы бет – бүкіл жобаның ең бірінші ашылатын беті ғана емес, ойыншыға ойынды басқаруға мүмкіндік беретін жақсы ұйымдастырылған механизм. Сондықтан бастапқы беттің әсем безендірілуін және жеңіл басқарылуын дұрыс жоспарлауымыз қажет.
Біздің ойынымыздың бастапқы бетінде ойынның атауы және «Ойнау» батырмасы орналасатын болады. Мысалы, суретте бастапқы беттің бір үлгісі көрсетілген.
Ойын дайын болған кезде, тек қателерін жөндеу ғана қалады. Өйткені ойын күрделі құрылымды жүйе болғандықтан, ойын құру барысында қателер пайда болады. Ойын элементтері көрнекі әрі қарапайым болғанымен, олардың арасындағы байланыс күрделі әрі әрқилы болуы мүмкін. Сондықтан қателерді жөндеу үдерісі кейде жобаны құруға жұмсалатын уақыттың 40%-ын алуы мүмкін.
Комментариев нет:
Отправить комментарий