4. Операцияық жүйелер

Операциялық жүйе (ОЖ) – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастыратын және түрлі командалардың орындалуын басқаратын жүйелік программа.
Операциялық жүйесіз компьютер ешбір әрекетті орындай алмайды.

Операциялық жүйелердің дамуы көбінесе компьютерлердің аппаратық базасының жетілдіруімен байланысты. 
ОЖ шығу тарихы компьютерлердің ең алғаш пайда болуынан басталды. ОЖ-нің ары қарай дамуы олардың басқарушылық және жоспарлаушы функцияларының күрделенуінде, қарапайым мультипрограммалық және диалогтық режимдердің пайда болуында көрінеді. 

Операциялық жүйелер компьютердің жүйелік программалық жабдықтамасының негізін қалайды. ОЖ көптеген түрлері бар. 
Соның ішінде ең көп қолданылатыны WINDOWS жүйесі. 
Оның мынадай нұсқалары бар: WINDOWS 3.X, WINDOWS 9X, WINDOWS NT, WINDOWS 2000 және WINDOWS XP, WINDOWS 7, 8, 10.

Операциялық жүйенің қызметі: 
  • физикалық 
  • логикалық
  •  Есептеуіш жүйелердің процестері ресурстарын басқару

Операциялық жүйелердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін және қосымша қызметтер жиынын ұсыну үшін сервистік программалар қолданылады. 
Сервистік программалардың ішінен біз утилитаны қарастырамыз. 
Утилиталар пайдаланушыларға компьютер мен оның жабдықтамасына қызмет көрсету құралдарын ұсынады.

Утилиталар келесі әрекеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді: 
  • Магниттік дискілерге қызмет көрсету 
  • Файлдар мен каталогтарға қызмет көрсету 
  • Компьютер ресурстары жайлы ақпарат ұсыну 
  • Ақпаратты шифрлеу 
  • Компьютерлік вирустардан қорғау 
  • Файлдарды архивтеу және т.б.

Операциялық жүйеге қойылатын талаптар: 
  • Сыйымдылық – ОЖ басқа ОЖ – лер үшін әзірленген қосымшаларды орындайтын құралдарды қамтуы тиіс. 
  • Көшірушілік – ОЖ – ні бір аппараттық тұғырнамадан басқасына көшіру мүмкіндігін қамтамасыз ету. 
  • Сенімділігі мен бас тартуға төзімділігі – ОЖ – ні ішкі және сыртқы қателіктерден, іркілістерден және бас тартулардан қорғауды ойластырады.
  • Қауіпсіздік – ОЖ – де бір пайдаланушының ресурстарын еікнші пайдаланушыдан қорғау құралдары болуы тиіс. 
  • Ұлғайтымдылығы – ОЖ келесі өзгерістер мен толықтыруларды енгізудің қолайлығы қамтамасыз етуге тиіс. 
  • Өнімділігі – жүйе жеткілікті тез әрекет ету қасиетіне ие болуы тиіс..




Комментариев нет:

Отправить комментарий