8. Ақпаратты екілік кодтау арқылы ұсыну

Код ақпаратты бір тілден басқа тілге аудару, басқа әдіспен ұсыну ережесі. Кодтар мен кодтау жүйесінің көптеген түрлері бар.
Алфавит ақпаратты ұсыну үшін қолданылатын, бір-бі-рінен өзара ерекшеленетін символдар немесе белгілер жиынтығы. 
Алфавиттің қуаттылығы ондағы символдар санына тең. Екі символдан тұратын алфавитті екілік алфавит деп атаймыз.
Компьютер – электронды құрылғы, сондықтан ол тек екі күйге нақты жауап беруге қабілетті – 1 (сигнал бар) және 0 (сигнал жоқ). Компьютерде ақпаратты кодтау үшін екілік код қолданылады.

Екілік алфавитті қолдану арқылы ақпаратты ұсыну екілік кодтау деп аталады. Екілік кодта «0» және «1» символдары ғана қолданылады.
Компьютерлік алфавитте 256 символ бар. Оған латын және қазақ/орыс алфавитінің бас әріптері мен кіші әріптері, тыныс белгілер, баспа символдары мен пернелер үйле імі (комбинациясы) кіреді.









256 үйлесімді құру үшін 0 және 1-ден тұратын 8 ұяшық қажет.


ASCII жүйесіне екі код тау кестесі бекітілген – негізгі және кеңейтілген. Негізгі кестеде 0-ден 127-ге дейінгі кодтар мәні, ал кеңейтілген кестеде 128-ден 255-ке дейінгі символдар коды келтірілген. лғашқы 33 код (0-ден 32-ге дейін) символдарға емес, амалдарға (жолды тасымалдау, бос орын ен гізу және т.б.) бөлінген.





1 комментарий: